Қытайда жаппай ақаудан жолда роботаксилер тоқтап қалды

Фото: Apollo Go
Қытайдың Ухань қаласында роботаксидің ақауынан өздігінен жүретін жүздеген көлік көшенің ортасында тұрып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті полицияның есебіне сәйкес, сейсенбі бірнеше көліктің жолдың ортасында тұрып қалуына "жүйелік ақау" себеп болған.
Желіде тараған видеодан жол бойында соқтығысулар болғанын көруге болады. Дегенмен полиция ешкімнің жарақат алмағанын және жолаушылар көліктерінен аман-есен шыққанын мәлімдеді.
Weibo-да жарияланған полиция мәлімдемесіне сәйкес, оқиғаның себебі әлі тергеліп жатыр.
Apollo Go өздігінен жүретін такси қызметін әлемнің ондаған қалаларында, негізінен Қытайда бар.
2025 жылдың желтоқсанында Uber және Lyft такси шақыру компаниялары Apollo Go көліктерін Ұлыбритания жолдарында сынау үшін қытайлық технологиялық алыппен серіктестік орнатқанын жариялады, сынақтарды 2026 жылы бастауды жоспарлап отыр.
Дегенмен оларға пилоттық бағдарламаларды бастамас бұрын реттеуші органдардың мақұлдауы қажет.
Жүргізушісіз технология адам басқаратын көліктерге қарағанда орташа есеппен қауіпсіз болуы мүмкін болса да, бұл оқиға "мүлдем жаңа қиындықтар әлі де туындауы мүмкін" екенін көрсетті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды