Қытайда үй жануарларын клондау белең алды: Бұған тұрғындар 26 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын
Қытайда үй жануарларын клондау танымал болып келеді, бірақ ол маңызды этикалық сұрақтарды да тудырып жатыр. Қытайлықтар бұл үшін миллиондаған қаржы жұмсауға дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Baidu
Қытайда үй жануарларынан айырылған иелері ит-мысықтарын клондауға жүгінетін болған. Клондау – ағзаны жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақ алу.
Бейжің тұрғыны Лю Син Томкэт атты мысықты он жыл баққан. Кейін Томкэттің денсаулығы нашарлап, Лю емдік шығындарға шамамен 100 000 юань (7 миллион теңге) жұмсады. Сонда да мысық аман қалған жоқ. Сол үшін Лю үй жануарларын клондау компаниясына жүгінді. Үй жануары өлгеннен кейін мамандар оның тері үлгілерін жинады. Енді Людің Томкэтке ұқсайтын клоны бар. Бұл қызмет шамамен 140 000 юаньға (9,6 миллион теңге) шықты.
Фото: Baidu
Қытай ғалымдары алғаш рет 2017 жылы Лунлун есімді итті сәтті клондады.
Қытайда жануарларды коммерциялық клондау заңды болғанымен, компаниялар заңды және этикалық стандарттарды сақтауы керек.
Қызмет құны – әдетте 150 мыңнан 380 мың юаньға дейін (10 миллион теңгеден 26 миллион теңгеге дейін) болады.
Алайда клондау технологиясы кейде сәтсіз болуы мүмкін. 2020 жылы клондау компаниясы Лян Сюань есімді әйелмен келісімшартты бұзды. Сәтсіздіктерден кейін компания екі суррогат итті қолданып көрген. Нәтижесінде бірнеше клондалған күшік пайда болған.
Пекиндік Чжао есімді әйелдің өзінің науқас мысығының клонын алғысы келіп, 130 000 юань (9 миллион теңге) төлеген. Бірақ компания оған созылмалы диареямен ауыратын еркек мысықты берген.
Үй жануарларының иелері әдетте клондалған үй жануарларына тапсырыс бергеннен кейін 12-18 ай ішінде денсаулығы туралы есеп, генетикалық талдауын алады.
Клондалған үй жануарлары түрі мен сипаты бойынша өте ұқсас. Олар шын жануар сынды қалыпты өмір сүреді және көбейе алады.