Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда көліктердің бағасы жыл басынан бері арзандап жатыр: Электрлі көліктердің құны орта есеппен 1,5 миллион теңгеге түскен

Қытайдағы жеңіл көліктер ассоциациясы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында көліктердің қаншалықты арзандағанын есептеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

көлік қытай

Фото: Autonews.ru

2024 жылдың алғашқы 9 айында Қытайда 195 модельдің бағасы түскен. Ал 2023 жылы тек 150 модель арзандаған екен.

Қауымдастықтың мәліметіне сәйкес, 2024 жылы көбіне электрокар мен гибридті көліктер арзаған. Сонымен қатар жанармай тұтынатын көліктер легі де арзандай түскен. 69 электрокар моделі орта есеппен 1,5 миллион теңгеге, гибридті қозғалтқышы бар 29 модельдің бағасы 1,6 миллион теңгеге, бензинмен жүретін көліктердің бағасы орташа 1 миллион теңгеге төмендеген. 

Көлік өндірушілер жылдың алғашқы жартысында бағаны жиі ауыстырған екен. Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында түрлі жеңілдіктер мен дисконттар арқылы клиент тартқысы келетіндердің саны одан әрі артады деп болжанып жатыр.

Талқылау