Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызметкер денсаулығына байланысты демалыс кезінде 16 мың қадам жүргені үшін жұмыстан шығарылды

Қытайда қызметкер денсаулығына байланысты демалыс кезінде 16 мың қадам жүргені үшін жұмыстан шығарылды

Фото: freepik.com

Қытайлық компания қызметкерін денсаулығына байланысты демалыс кезінде 16 мың қадам жүргені үшін жұмыстан шығарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 2019 жылы Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында болған.

Чэнь жұмыс барысында алған арқа жарақатына байланысты екі рет денсаулығына байланысты демалысқа шыққан. Ол тиісті медициналық құжаттарды да ұсынған көрінеді. Ол шамамен бір ай еңбекке жарамсыздық парағымен үйде болған, кейін жұмысқа қайта оралған. Алайда бір аптадан соң аяғының ауырғанын айтып, тағы да денсаулығына байланысты демалыс сұраған.


Microsoft әлем бойынша 9 мың қызметкерін жұмыстан шығарады


"Ливерпуль" жейдесін кигені үшін автобус жүргізушісі жұмыстан қуылған


Чэнь өзі жұмыс істеген компания десаулығына байланысты демалыс алғаннан бірнеше күн өткен соң жұмыстан шығарып жібергенін мәлімдеді. Жұмыстан шығару себебі – бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар. Видео жазбаларда ер адамның дәл сол күні, яғни денсаулығына байланысты демалыста болған күні, 16 мыңнан астам қадам жасағаны анықталған.

Қызметкер компанияға қарсы сотқа арыз түсіріп, сот оның пайдасына шешім шығарды. Сот жұмыс берушіні қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарғаны үшін 118 мың юаньнан (шамамен 16 мың доллар) астам өтемақы төлеуге міндеттеді.

Чэньнің жұмыстан босатылуына қатысты іс Қытайдағы жұмысшылардың құқықтары туралы әлеуметтік желілерде кең талқыға түскен. Көптеген қолданушылар компанияның шынымен де қызметкердің құқықтарын бұзғанын атап өткен.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 21:26
Талқылау