Үйінің жертөлесінен алтын құймалар мен миллиардтаған қолма-қол ақша табылған: Қытайда бұрынғы әкім өлім жазасына кесілді
Фото: Видеодан скриншот
Қытайда Гуанчжоу қаласының бұрынғы әкімі Чжан Циге өлім жазасы тағайындалды. Ол жемқорлық, қаржыны жымқыру және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу деректеріне сәйкес, Гуанчжоудың экс-әкімі Чжан Ци мемлекеттік келісімшарттар жасау және жер телімдеріне қатысты мәмілелер үшін бірнеше жыл бойы пара алып келген. Іс шамамен алты жыл бойы тергелген.
2019 жылы жүргізілген тінту барысында құқық қорғау органдары оның үйінің жертөлесінен 13,5 тонна алтын құймаларын және шамамен 286 млрд юань (19,4 триллон теңгеге жуық) көлеміндегі қолма-қол ақшаны тапқан. Сонымен қатар Чжан Цидің Қытайдан тыс жерлерді қоса алғанда, элиталық жылжымайтын мүлкі, сондай-ақ қымбат автокөліктер коллекциясы болғаны анықталды.
Сот заңсыз жолмен байыған қаражаттың көлемі аса ірі болғандықтан, жазаны жеңілдету мүмкін емес деген қорытындыға келді. Нәтижесінде бұрынғы шенеунік өлім жазасына кесілді.
Қытай билігі жемқорлыққа қарсы істерде қатаң ұстанымда екенін үнемі атап өтеді. Бұған дейін ҚХР-дың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь де үкімнің орындалуын екі жылға шегеру арқылы өлім жазасына кесілген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Иранда бір жылда өлім жазасы екі есе артқаны хабарланған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар