Қытайда адамдар тобын көлікпен басып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді
Қытайда 80 шақты адамды көлікпен басқан жүргізушіге өлім жазасы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Чжухайда 11 қараша күні кешкі уақытта жүргізуші жаяу жүргіншілерді таптамақ болды. Салдарынан 35 адамның өмірін қиды, тағы 43-і ауыр жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны құзырлы органдар ұстаған.
Тергеу ер адам "қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген қорытындыға келді және оның әрекеті "жауыздық" деп танылды.
Чжухай соты жаяу жүргіншілер тобын қасақана басып кеткен жүргізуші Фан Вэйцюге өлім жазасын берді.
Өлім жазасы Қытай прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, олар процедуралардың заңға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген