Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ауылшаруашылық жануарларының өлекселерінен ауру тудыратын көптеген жаңа вирустар табылды

Ғлымдар Қытайда ауылшаруашылық жануарларының өлекселерінен көптеген ауру тудыратын жаңа вирустар тапты. Жануарлардың өз арасында тараған бұл вирустардың адамға да жұғатыны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay.com

Зерттеу 28 түрлі жануарларының өлексесіне жүргізілді. Оның барысында мамандар 461 дене бөлктерін талдады.

Бұл жануарлардан 125 вирус анықталды. Олардың ішінде 36 жаңа, сондай-ақ жануарлардың басқа түрлеріне және адамдарға жоғары ықтималдықпен жұғуы мүмкін 39 штамм бар. Ғалымдар олардың 11-і адамдардан табылып үлгергенін атап өтті.

Патогендік вирустардың ең көп саны Ракон иттері мен күзендерде кездеседі. Зерттеу көрсеткендей, вирустар фермаларда жануарларды ұстау барысында тарала бастаған. Атап айтқанда, HKU5 коронавирусы пневмонияның өршуіне байланысты фермада жарғанаттардан екі күзенге жұққан. Сонымен қатар кеміргіш тышқандарда да алғашқы жағдайы тіркелді. 



Ғалымдар "қоянда кездесетін" түрі мен жалпы коронавирустардың көптеген түрлерін тапты. Бұл алаңдаушылық туғызып отыр. Өйткені вирустардың жануарлардан адамдарға берілуі бұрын пандемияға әкелген болатын. Зерттеуде COVID-19 пандемиясының себебі болған SARS-CoV-2 коронавирусы туралы айтылмайды.

Талқылау