Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда Астанадағы LRT-ның вагондарын құрастырып жатыр: Олар қандай болады

Қытайдың Таншань қаласында елордадағы LRT-ның алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастырып жатыр. Зауытта 19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: “City Transportation Systems" ЖШС

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады. Ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:

  • Есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
  • Тоқтау және жылдамдату;
  • Депоға кіру және шығу;
  • Құрамдардың жағдайын бақылау;
  • Пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
  • Оператордың (машинист) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.

Фото: “City Transportation Systems" ЖШС

Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушы сыйып кетеді. 

Салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органсиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады. Бұл жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз етеді.

Шуды азайту үшін мына технологиялар қолданылады:

  • Қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері;
  • Диаметрі үлкейтілген дөңгелектер.

Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелерімен жабдықталады:

  • Сыртқы және ішкі электронды таблолар;
  • LCD-мониторлар, олар қозғалыс бағытын, соңғы және келесі станцияларды, есіктердің ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.

Астананың ауа райына бейімдеу

Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады. Кондиционер қондырғысының салқындату қуаты 35 кВт.



Пойыздар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүреді. Басқару толығымен автоматтандырылған және ұшқышсыз жүреді. Бірақ басқару жүйесі операторлардың тұрақты бақылауында болады.

Фото: “City Transportation Systems" ЖШС

Қазір алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін олар сынақтан өткізіледі.

“Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу – пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементтері, жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі. Соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесінде LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады", – деп түсіндірді “City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.

Оның айтуынша, сынақтар бірнеше айға созылады.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы LRT құрылысы аяқталуға жақын екенін және  2025 жылдың күзінде іске қосылатынын айтқан еді. 

Талқылау