Қытай жерден Азиядағы ең терең тік ұңғыманы қазды
Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) 20 ақпанда Азиядағы ең терең тік ұңғыманы бұрғылауды аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Синьхуа
Ұңғыма Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Тарим бассейніндегі Такла-Мақан шөлінде орналасқан. Оның магистралі 10 910 метр тереңдікке жетті.
Бұл ұңғыма мұнай мен газ өндіруден басқа, “Шендитаке-1” геологиялық зерттеулерге арналған. Ұңғыма 12 геологиялық формацияға түсіп, жасы 500 миллион жылдан асатын тау жыныстарының қабаттарына жетеді.
Еске салсақ бұған дейін Қытай Жерді мантия қабатына дейінгі тереңдікте қазатын кеме жасап шығарғаны туралы хабарлаған едік. Ол теңіз деңгейінен 11000 метр тереңдікте ұңғымаларды бұрғылай алаады.
Талқылау

"Әрбір төртінші адам оңалып шығады": Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдарды емдеу қалай жүргізіледі
Ең жоғары тәуелділік көрсеткіштері Павлодар, Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
Алматыдағы психикалық денсаулық орталығыннда барлығы 22 жасөспірім емделіп жатыр