Қытай "X ауруының" таралу қаупі артқанын хабарлады
Қытай Халық Республикасының ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Хэшэн теориялық "X дертінің" жаһандық таралу қаупі артып келе жатқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: yaplakal.com
Қытайлық эпидемиологтардың пікірінше, әзірге белгісіз әлеуетті қоздырғыштан туындаған жұқпалы аурудың пандемия қаупі жаһандық климаттың өзгеруі, биосфераға антропогендік әсердің күшеюі және инфекциялардың түрлерден түрлерге жиі берілуі сияқты факторларға байланысты артып отыр. Бұл туралы Ван Хэшэн 14-Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (ҚХР) екінші сессиясында айтты.
Бұған дейін иммунолог Николай Крючков "X ауруы" адамзат үшін жаңа нәрсе екенін хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз патоген ғалымдардың жұмысы болуы мүмкін.
"X ауруы" – жаһандық пандемияға әкелуі мүмкін әлі ашылмаған патогеннен туындаған гипотетикалық жұқпалы ауру.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан қырылып қалғаны туралы жазған едік.