Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай елшісі туыстарымен қайта қауышуды сұраған қазақстандықтарға жауап берді

ҚХР елшісі Чжан Сяо туыстарымен қайта қауышуды сұраған қазақстандықтарға жауап берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесуінде талқыланды.

Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады.

"Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады", - делінген СІМ хабарламасында.



Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Бұған дейін Қытай лагерьлеріне қамалғандардың туыстары Қытай елшілігінің алдына пикетке шығып, жақындарына еркіндік беруді тағы талап етті. Осымен 17 рет елшілік ғимаратының алдына талаптарын айта келген. 

Дегенмен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де, қандастарды қолдаумен тікелей айналысатын "Отандастар" қорының мүшелері де "Қытайдың ішкі саяси мәселесіне араласа алмайтындарын" мәлімдеді.

Талқылау