Кішкентай қытайлық балақай улы жыланды уысынан шығармай ойнады (видео)
Фейсбук әлеуметтік желісінде жыланды уысынан шығармай ойнауға әрекеттенген қытайлық баланың видеосы танымалдылық жинап жатыр.
Роликті әлеуметтік желіде қазірдің өзінде 7 миллионнан астам адам тамашалап үлгеріпті.
Улы жәндікпен арпалысудан тартынбай, керісінше оған жақындай берген бала онымен ойнаған сайын көңілдене түскен. Ол жыланды қолымен қысып ұстап, әрі-бері тартқылайды.
Енді бірде бауырымен жорғалаушының өзі баланың қойын-қонышына еркін кіріп кеткен. Жылан баладан қанша қашып кетуге әрекеттенгенімен, кішкентай балақай қыр-соңынан қалмастан босатпай қойған.
Желі қолданушылары баланың ержүректігіне қайран қалысты. Енді бірі жәндіктің бұл улы түрі болмауы мүмкін деген пікірді алға тартыпты.
Ролик Қытайдың оңтүстік аумақтарында түсірілген болуы мүмкін.
Талқылау