"Кішкентай қыз": Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісін көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/jiger_auypbaev_official/
Әнші Жігер Ауыпбаев бойжеткенмен әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жазбасында бойжеткеннің өзінен 15 жас кіші екенін жазған.
“Ара 15 жас болса қалай?
Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен,
Сен туралы сезіммен жиі әндетем.
Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе
Мендегі таудай сезім сияр ма екен.. деп қоясың ғо әлгі жерде”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып жатыр.
“Тұқым бұзылды. Ұзын қыз таппадын ба?”, “Кішкентай қыздар неге үлкен кісілерге құмар”, “Ағасы, тұқымды бұзатын болыпсың ғо”, “Кіп-кішкентай қызы сияқты көрінеді екен”, “Жас айырмашылығы 15 жас болса, ештеңе етпейді, махаббат жасқа қарамайды ғой”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, балаларымен араласып тұратынын айтқаны хабарланған еді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады