Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қышынып жүрміз": Жезқазған тұрғындары краннан мүңкіп аққан лай суға шағымданды

Жезқазғандықтар ішуге де, тұрмыста қолдануға да жарамайтын судың сапасына наразылық білдірді. Тұрғындар үйдегі краннан аққан қоңырқай түсті, сасық сұйықтық санитарлық техниканы бүлдіріп қана қоймай, денсаулыққа да кері әсер ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Краннан аққан лай судың қағы унитаз бен ваннаны зақымдаған. Жергілікті тұрғындардың су мәселесін көтеріп жүргелі 2 жыл болған. 

“Екі жыл болды, тіпті сүзгіден өткен судан кейін де шәйнекте қақ қалады. Қотыр болдық, балаларды шомылдыру мүмкін емес. Аптасына бір рет жуынамыз, одан да пайда жоқ. Бәріміз қышынып жүрміз”, – дейді жергілкті тұрғындардың бірі Мария Виниченко.

Денеде тітіркену тудыратын лай су соңғы уақытта сары көбікпен ағып жүр. Көбік ваннаны, дәретхана мен шұңғылшаны да бүлдірген. Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл мәселенің өзекті болғанына соңғы 1-2 жыл ғана емес. Құбырлардың ауыпағанына 10-15 жыл болған. Қазір құбырларды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. 

“Бүгінде әлеуметтік желілерде ыстық судың сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр, біз осыны қарап шықтық, стандарттар мен санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру үшін су сапасына қатысты өндірушілер мен таратушы ұйымдарға хат жолдадық. Бұл мәселе қазір қала басшылығының бақылауында”, – дейді ЖезқазғаН қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Абылай Есен.

Ал Жезқазған қалалық "Жылу және сумен қамту" коммуналдық кәсіпорны бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Талқылау