Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр": Белгілі журналист Қайрат Әділгерейдің фильмін көрмеуге кеңес берді

Белгілі журналист Диас Нұрақын әзілкеш Қайрат Әділгерейдің су жаңа фильмін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kino.kz

БАҚ өкілі туындыны жеке парақшасында аяусыз сынап, текке қаржы жұмсамауға шақырды. 

“Күйбең тірлік бітпейді, “кеттік бәрін таста” деп келіншегімді ертіп киноға бардық. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған "Кеттік, бәрін таста" деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен "Шаншардағы" Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы, тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. "Жәй жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?" деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жай әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегенмін. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да, өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. "Базар жоқтың" деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен "Не шутите с Зоханом" деген кино әлдеқайда қызық, –  деп жазды журналист. 



Айта кетейік фильмге түскен актер Уәлибек Әбдірайымов продюсердің алдап кеткенін айтқан еді. 

“Сценарий ұнады. Маған "құлдардың атаманы боласыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", – деген еді әзілкеш 

Талқылау