Қырғызстанның депутаты Қазақстаннан үлгі алып, бастауыш сыныпта орыс тілін оқытпауды талап етті
Қырғызстанның парламент отырысында жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаннан кейін қырғыз тілінің мәртебесін көтеру керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қырғыз тілін дамытуды балабақша мен бастауыш мектептен бастау керек.
"35 жыл бойы қырғыз тілі дамымады, мұны мойындауымыз керек. Тіпті көрші Қазақстанда 1-4 сыныпқа дейін тек қазақ тілі үйретіледі, басқа тіл жоқ. Біз де осындай қадамдарға баруымыз керек. Тағы бір мәселе, "Ыйман" пәні енгізілгенде, қырғыз және ағылшын тілі пәндерінің әрқайсысы бір сағаттан қысқартылды. Бұл қырғыз тіліне деген немқұрайлылық қой, басқа тілді үйрететін пәндерді қысқартуға болмай ма?" – деді депутат.
Нұрланбек Шәкиев барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуге міндетті екенін атап өтті.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"