Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қырғызстанда мектептердің біріне Тоқаевтың әкесінің есімі берілді

Фото: Қазақ газеті

Бішкектегі мектептердің біріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың аты берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Бішкектегі №33 мектеп-гимназияға Кемел Тоқаевтың есімі берілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бастаманы Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров ұсынған.

"Жапаров бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жұмыс сапары кезінде мәлімдеген. Ұлы Отан соғысы кезінде Кемел Тоқаев сол кезде қазіргі №33 мектеп ғимаратында орналасқан Фрунзе әскери жаяу әскер училищесінде оқыған. Дәл осы жерден майданға шақырылған", – делінген хабарламада.

Кемел Тоқаұлы Тоқаев — қазақ совет жазушысы, журналисі және редакторы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін салушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысушы, "Сталинград" соғысының ардагері.

Ол "Қазақстан пионері" және "Социалистік Қазақстан" газеттерінің редакторы және бас редакторы, 1960-1977 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Ведомости" газеттерінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның "Жұмбақ із", "Соңғы соққы", "Солдат соғысқа аттанды" сияқты шығармалары бар.

Еске салсақ, Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау қағазын ұсынған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 11:38
Талқылау