Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда жасөспірім қызды өлтірді деп айыпталған ер адам тағы 7 қылмысқа қатысы бар деп айыпталды

Фото: Видеодан скрин

Қырғызстанда кәмелетке толмаған қызды өлтірді деп айыпталған ер адам бірқатар зорлау және кісі өлтіру істеріне қатысы бар деп күдікке ілініп отыр. "ЭлТР" мемлекеттік телеарнасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген журналистік зерттеу барысында күдіктіге жалпы 7 қылмыс, соның ішінде зорлау және адам өлтіру істері бойынша айып тағылып отырғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметінше, төрт қыз зорланып, кейін өлтірілген, екеуі аман қалған, ал бірінің жағдайы әзірге белгісіз. Бұл қылмыстардың бәрі Айсулуу Мукашеваны өлтірді деп күдікке ілінген сол ер адаммен байланыстырылады.

Зерттеушілердің мәліметінше, ер адам осы қылмыстар бойынша бұған дейін ұсталып, қамауға алынған. Алайда екінші сатыдағы сот ауыр баптарды жеңіл баптарға ауыстырып, көп ұзамай ол бостандыққа шыққан.

Сонымен қатар күдіктінің 2014 жылғы 16 наурызда Бішкек маңындағы Байтик ауылынан табылған Камила Дүйшебаеваның өліміне де қатысы болуы мүмкін екені хабарланды.

Журналистік зерттеу барысында ішкі істер министрлігі тергеу деректері мен жедел түсірілім кадрлары келтірілгенімен, милиция ресми түрде күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы туралы баспасөз хабарламасын таратпаған.

Күдікті бұған дейін бірнеше рет сотталған, қазір Джети-Огуз аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторында отыр.
Айта кетейік, Айсулуу Мукашева 30 қыркүйекте туған ауылында жерленді. Туыстары күдіктіге ең қатаң жаза қолдануды талап етті. Қыз күдіктімен бұрын да, кейін де таныс болмаған.


Қырғызстан өлім жазасын қайтаруды қоғамдық талқылауға шығарды


Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігітті зорлаған үш бауыр 9 жылға сотталды


Еске салайық, бұған дейін  Қырғызстан президенті елде өлім жазасын енгізуді тапсырған еді. Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсұлу Мұқашеваның өлімі Қырғызстан қоғамын дүр сілкіндірді. Қыз 27 қыркүйекте Барскоон ауылынан Қарақолға бара жатқанда жоғалып, екі күннен кейін Боом шатқалынан өлі күйінде табылды. Тергеу дерегінше, 41 жастағы ер адам оны зорлап, тұншықтырып өлтірген. Күдікті бұрын да бірнеше рет сотталған. Қайғылы оқиғадан кейін елде өлім жазасын қайта енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 15:11
Талқылау