Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан сейсмологы Алматыдағы белсенді жер сілкінісі кезеңі аяқталғалы тұрғанын болжады

Қырғызстанның бас сейсмологы Қанат Әбдірахматов Facebook әлеуметтік желісінде Тянь-Шань тауларындағы сейсмикалық кезеңдерді сипаттайтын зерттеуді жариялады. Марқұм қырғыз ғалымы, профессор Е.Мамыровтың бұл еңбегінде аймақтағы жер сілкінісінің жиілігі туралы айтылады.

Фото: Қанат Әбдірахматовтың Facebook-парақшасынан

Қанат Әбдірахматовтың айтуынша, 1900 жылдан бері облыс үш сейсмикалық белсенді кезеңді бастан өткерсе, 2008 жылдан бастап төртінші кезең басталды. Әр осындай кезеңнен кейін сейсмикалық белсенділік әлсірейді екен.

"Әртүрлі түстермен боялған белгілі бір кезең бар. Қызыл күшті жер сілкінісі болған кезеңдерді, жасыл тыныш кезді көрсетеді. Олар орташа болды, қарқыны 5-6 балдан аспады", – деп жазады Қанат Әбдірахматов.



Сейсмологтың айтуынша, біз қазір 2008 жылы басталған сейсмикалық белсенді кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ол 2026 жылы аяқталады деген болжам бар.

"Мамыровтың есептеулері бойынша, осы белсенді кезеңде жер сілкінісінің күші 5-6 балдан аспауы керек еді. Әзірге бұл болжам дұрыс боп шықты. Болжағаннан асып кеткені – 23 қаңтардағы Қытайдағы жер сілкінісі", – деді сейсмолог.

Талқылау