Қырғызстан президенті ұшақ апатына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты
Ұшақ апатына байланысты Қазақстан жұртына Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз
"Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан әуе рейсінің апатқа ұшырауына байланысты бірнеше адамдың қаза болғандығы туралы хабарды қайғымен қарсы алдым. Қырғызстан Республикасы халқы мен өз атымнан марқұм болған азаматтардың туыстарына көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақтасатынымды жеткізгім келеді. Жарақат алғандар тезірек сауығып кетсін", - депті қырғыз елінің президенті.
Бұған дейін апатқа байланысты Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтқан еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен