Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Майнинг фермалары қолданып келген": Қазақстаннан Қырғызстанға электр қуатын қандай мақсаттар үшін импорттайды

Қазақстаннан импортталатын электр энергиясын Қырғызстандағы майнинг фермалары қолданатыны туралы ақпарат тарады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Қазақстан Қырғызстанға 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы сәуірге дейін 1500 млн кВт/сағ дейін электр энергиясын жеткізуге тиіс. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

“Қазақстан мен Қырғызстанның су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының 2023 жылғы 25 тамыздағы су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтарына сәйкес, Қазақстаннан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу көлемі кестеге сай жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.

Келісімге сәйкес, Қазақстан Қырғызстанға  электр энергиясының артық сағаттарын ғана сатады. 



Министрліктің мәліметінше, бұл электр энергиясын экспорттық жеткізу алдағы вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңірлерін суармалы судың қажет көлемімен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Тоқтоғұл ГЭС-на судың қажет деңгейін жинақтау үшін ғана жүзеге асырылады. Осы тұста Қырғыз Республикасының энергия жүйесі ішінде электр энергиясын одан әрі бөлу Қырғызстан энергетиктерінің айрықша ішкі құзыреті екенін атап өткен жөн.

Бұған дейін Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайтынын жазған едік.

Талқылау