Қырғызстан Қазақстанға ауыр қылмысқа күдіктіні экстрадициялады

Қырғызстан экономикалық қызмет саласында жасалған ауыр қылмысқа күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, күдікті 2023 жылы қазақстандық жеке пайда табу мақсатында жалған шот-фактуралар рәсімдеу схемасын ұйымдастырған, алайда іс жүзінде ешқандай жұмыстар орындалмаған. Салдарынан салық төленбей, мемлекетке шамамен 350 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылғы наурызда ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда онлайн казиномен 3,1 миллиард теңге табыс тапқан ұйымдастырушы Грузияда ұсталғаны хабарланған еді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады