Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыздың даңқты балуаны алғаш рет ана атанды

Айсұлу ТыныбековаФото:Stan.kz collage

Қырғыздың атақты балуаны, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Айсұлу Тыныбекова алғаш рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты балуан өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Жарық дүниеге қош келдің, Али!" – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Айсұлу Тыныбекова 2025 жылдың қаңтар айында өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан еді. 

Айсұлудың күйеуі Бақберген Аттокуров. Ол Талас ауданы, Красный Октябрь аиылының тумасы, 24 жаста. Ол да күреспен айналысады.


32 жастағы қырғызстанның даңқты балуаны жуырда алғаш рет ана атанбақ


Айсұлу қазіргі уақытта Қырғызстанда әйелдер күресінің вице-президенті. 

Айсұлу Тыныбекова 2020 жылғы Токио Олимпиадасында күміс, 2024 жылы Парижде қола жүлдені қанжығасын байлаған. Бұған қоса үш дүркін әлем, 6 рет Азия чемпионатында топ жарған.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 20:12