Киносыншылар Қайрат Нұртастың әйелін жылдың үздік актрисасы деп таныды
28 желтоқсан – халықаралық кино күні. Дәл осы орайда қазақстандық киносыншылар отандық киноиндустрияның дамуы мен 2017 жылдағы жетістігін сөз етті. Киногерлердің бір тобы тауық жылындағы үздік актриса деп Қайрат Нұртастың жары Жұлдызды атады.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аяқталуға жақын қалған жылдың үздік және ең нашар туындылары туралы Олег Борецкий, Карим Қадырбаев және Гүлнар Әбікенова айтып берді.
“Биылғы жыл “Алмас қылыш” блокбастерінен басталды. Әсіресе, комедиялық фильмдер көп шықты. Ал әлеуметтік киноға келсек, елді елең еткізген бір ғана фильм – ол Рашид Сүлейменов түсірген Қайрат Нұртастың “Арман” фильмі. Тек әншінің жанкүйерлері үшін емес, бүкіл халық үшін күтпеген тосынсый болды. Басты рөлді сомдаған актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Қазақстан киносындағы ең үздік рөлді алып шықты. Меніңше, актрисаны киносыншылар Ассоциациясы міндетті түрде жыл қорытындысына қосады”, – дейді киносыншы Олег Борецкий.
“Әлеуметтік маңызы бар картиналардың үздігі деп Рашид Сүлейменовтің “Арман/Когда ангелы спят” фильмін атар едім. Себебі онда жемқорлық, “алтын жастардың” қылмыс үшін жазаланбауы және т.б. маңызды қоғамдық мәселелер көтерілген”, – дейді Гүлнар Әбікеева.
Өз кезегінде Карим Қадырбаев әріптестерінің пікірін қоштамады. Оның айтуынша, 2017 жылы шыққан кино-туындылар сапасы жағынан сын көтермейді. Киногерлер Әсел Сәдуқасова мен Асқар Ұзабаев түсірген “Келинка тоже человек” фильмінің өзгелермен салыстырғанда жақсы шыққанын жеткізді.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз басты рөлді сомдаған клип жарыққа шықты (видео)
Жас келіншегімен дуэт айтқан Сейфуллин Жолбарыс жұртты сүйсіндірді (видео)
Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)
Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)