"Кинодағыдай": Алматы ер адам жоғары қабаттан шыққан өртті балконға өрмелеп барып сөндірді
Фото: Желі кадрларынан скрин
Алматыда ер адам жоғарғы қабаттағы балкондағы өртті сөндіру үшін төртінші қабатқа өрмелеп көтерілген видеосы тарады. Ол осылайшы, өрт сөндірушілер келгенше апатты ауыздықтаған. Бұл оқиғаға туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның видеосы TikTok желісінде таралды. Ол түтінді көріп бірден әрекетке көшкен. Өте тез, кәсіби спортшы секілді қимылдап, төртінші қабатқа көтерілген. Жанып жатқан затты анықтап, ешкімге зиян тигізбейтініне көз жеткізген соң төменге лақтырған.
Видео желіде көптеген пікір жинады.
“Жарайсың”, “Өрт сөндіру қызметіне жұмысқа алу керек”, “Кинодағыдай болыпты”, – деп жазды көпшілік.
-
Ақтауда теңізде баланы өлім аузынан құтқарған қарапайым даяшы мен футболшы марапатталды
-
Қазақстандық Лондонға бағыт алған ұшақта адам өмірін құтқарып қалды
Оқиға туралы Алматы ТЖД түсініктеме берді. 4 маусым күні сағат 17:07-де Наурызбай ауданында Жүнісов көшесі, 2/23 үй ("Алма Сити") мекенжайы бойынша он қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында қоқыс өртенді. Өрттің ауданы шамамен бір шаршы метрді құрады. ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті сөндірген.
"Ол табандылық танытып, балконға көтеріліп, жанып жатқан қоқысты жерге тастады. Оның әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын және ауыр зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды. Ахметов Төтенше жағдайлар министрінің атынан наградаға ұсынылды", - деп хабарлады ТЖД.