Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кімнің отставкаға кететінін президент шешеді: Бектенов қоластындағылар парамен ұсталған басшылар туралы

Заң бұзушыны қызметке кім тағайындағанына қарамастан, қоластындағы қызметкері парамен ұсталса, басшы отставкаға кетуге өтініш жазуға міндетті. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тақырыбында өткен жиында президент мемлекеттік органдар басшыларының қоластындағылар парамен ұсталған жағдайда отставкаға кетуге өтініш жазуы міндетті екенін айтты. Дәл қазір осы норманы заңға енгізу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Тиісті заң жобасы парламентте қаралуда", - дейді Бектенов. 

Оның айтуынша, аталған заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады. 

"Парақорды кімнің жұмысқа алғанына қарамастан, ол отставкаға өтініш беруі керек. Ол тағайындаса да, тағайындамаса да. Президент барлығының отставкаға өтініш беруін талап етті. Ал отставканы қабылдау немесе қабылдамау - мемлекет басшысының еншісіндегі дүние. Ол бұл саяси басшының осы жемқорлықты тоқтатуға қаншалықты қауқары болғанын, бұл адамды өзі ұсынған-ұсынбағанын негізге алады. Президент мемлекет жетекшісі ретінде шешім қабылдайтын болады", - деп мәлімдеді Олжас Бектенов. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қоластындағылар парамен ұсталған жағдайда бірінші басшылардың қызметінен кетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Сондай-ақ, ол осы отставканы қабылдау президент еншісінде екеніне тоқталды. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...