Кім кінәлі: Бұтақ құлап қайтыс болған баланың анасы оқиға туралы айтып берді
Алматы облысында қураған бұтақ құлап, анасының қолында тұрған баланы ажал құштырды. Талдарды санитарлық тазалықтан өткізушілер адам өліміне өздерін кінәліміз деп санамайды. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Сол қайғылы күн Әйгерім Ғазиздің көз алдында. Ол кешкілік серуенге шыққан кезде оқыс оқиғаны бастан кешкен.
“Ол енді-енді жүріп жүргендіктен, қолыма көтеріп алғанмын. Ол енді ғана ерінімнен сүйіп жатқан. Әп-сәтте не болғанын да түсінбей қалдым, тіпті ол жылаған да жоқ”, – дейді анасы.
Ол бірден жақын маңдағы дәріханаға жүгірген. Бірақ, анасы мен баласын ауруханаға жеткізуге фармацевтер емес, көшедегі адамдар көмектескен.
“Баланы қолыма ұстап алдым, бірақ жағдайы өте қиын еді. Басы жарылып, қан кетіп, сосын талмасы ұстай бастады,” – дейді куәгер Анастасия Анушкевич.
Ауруханада баланы кезекші дәрігер қараған. Сәбиді жансақтау бөліміне жатқызады. Ал бес сағаттан соң дәрігерлер баланың қайтыс болғанын хабарлаған.
“Олар бізге медициналық терминдерімен әлденені түсіндіре бастады. Яғни, аман қалу мүмкіндігінің тым төмендігін. Аман қалған күнде де сау болмайтынын айтты. Олар сіздерді де, баланы да қинамай оны тіршілік көзінен айырайық деп айтты. Біз ештеңеден ажыратпаңыз, біз үшін шешім қабылдамаңыз, тек өз жұмысыңызды істеңіз деп айттық”, – дейді Қайрат Ғабиден.
Ата-анасы әлі күнге медициналық қызметкерлер тарапынан қандай да бір шара қолданылды ма, бәлкім баланы құтқарып қалу мүмкін бе еді деп ойлайды. Ал дәрігерлер болса мүмкін болғанның бәрін жасадық дейді.
“Ашық-бас ми жарақаты, басқа да көптеген сынықтар мен жарақаттар болды. Өте ауыр жарақаттар еді”, – дейді Қарасай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев.
Осы аумақтың талдарының санитарлық тазалығына жауап беретін компания да өздерін кінәліміз деп есептемейді.
“Біз қатты өкініп, жақындарына көңіл айтамыз. Бірақ, бізде арнайы ережелер бар, сол бойынша жұмыс істейміз. Мен барып ол талды кесіп тастаушы едім. Бірақ, біз ондай туралы тек өтініш түскен кезде ғана есітіп, сосын барамыз”, – дейді “Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлер одағы” ЖШС директоры Серік Есмағамбетов.
Ал ата-анасы бұл оқиғаға кінәліні тапқысы келеді. Ал ІІД оқиға бойынша тексеруді бастап кеткен.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 26 шілде күні Қаскелең қаласында орын алған болатын.
Оқи отырыңыз:
Алматы әуежайында эротикалық түсірілім көрсетті (видео+18)
Қазақстанның қай өңірінде қай мамандықтардың жалақысы жоғары