"Кім кімнен ұрлады?": Ерке Есмаханның "Қайда" әніне ұқсас әнді айтқан ресейлік әнші хейтерлерге жауап берді
Танымал ресейлік әнші Лилия Голдобова отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханның “Қайда” әнінің әуеніне ұқсас ән айтып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейлік өнер иесі туындыны “Санкт-Петербург” деп атаған. Әнші плагиат деген айыптауларды жоққа шығарып, Ерке Есмаханның шығармасынан алғанын жасырмады. Сондай-ақ ол отандық өнер өкілімен курстас екенін айтты.
"Бұл жерде плагиат жоқ, бірақ идея бір, иә... Мен оны мүлдем аударған жоқпын, шабыт алған шығармын. Өйткені Ерке жақсы әнші, сонымен қатар менің курстасым", – деп жазды ресейлік өнер иесі.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ресейлік әншінің әнін плагиат деп жатыр.
“Біз ғана ұрлай береміз бе, біздікін де ұрласын”, “Сонымен кім кімнен ұрлады”, “Бұл біздің ән”, “Бүкіл әлем шырқасын”, “Өзіміз қырғыздан алып едік”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"