Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қылмыстық жаза қарастырылған": Қазақстандықтарға стримердің қауіпті челленджі туралы ескерту жасалды

мелстрой

Видеодан скриншот

Интернетте "Mellstroy Game" қауіпті челленджі көпті шошытты. Бағалы сыйлық үшін желі қолданушылары адам сенгісіз заттар жасауға көшкен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Челенджді Mellstroy деген атпен белгілі стример Андрей Бурим бастады. Қазір ол Ресей мен Беларусьте халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр. Стример қатысушыларға пәтерлер мен 1,5 миллион долларлық сыйлықтар лотереясын уәде етті.

Ойынға қатысу үшін пайдаланушылар #MellstroyGame хэштегімен әлеуметтік қауіпті элементі бар видео жасап, оның казиносын немесе атын атау керек. Негізгі мақсат – оның казиносын жарнамалау. 


Пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық 15 тәулікке қамалды


"Меллстрой Гейм Серікұлы": Қазақстандық пәтер ұтып алу үшін ресми түрде аты-жөнін өзгерткен (видео)


Осы челенджге қатысқандардың бірі 1 жасар баласына казино атын татуировка етіп жаздырған. Қазақстанда бір ер адам ресми түрде тегін "Мелстрой" деп өзгерткен. Астанада бір қатысушы MEGA SILKWAY сауда орталығында іш киімімен жүгіріп өтті.

Мұндай әрекеттер заңды салдарға әкелуі мүмкін. Құмар ойындарды жарнамалауға байланысты байқаулар Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің заңдарын бұзады.

Қоғамдық орындардағы арандатушылық ұсақ бұзақылық ретінде әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. 

Еске салсақ, жас ата-ана стример байқауын жеңу үшін бір жасар ұлына татуировка жасағаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 09:58
Талқылау