"Қылқындырып, видеоға түсірген": “Жас Ұлан” әскери мектебінде оқушының қатарласына күш көрсеткен видеосы тарады

Желіде Семейдегі “Жас Ұлан” әскери мектебінде курсанттардың бір-біріне күш көрсеткен сәті түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында түсірілген. Кадрлардан жоғары сынып оқушысының басқа оқушыны қылдырып жатқанын көруге болады. Жәбірленуші қарсылық көрсетуге тырысса да, шыға алмайды.
Абай облысының білім басқармасы видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
“Әлеуметтік желілерде тараған видеода “Жас Ұлан” мектебінің 2025 жылғы түлектері көрсетілген. Түлектің айтуынша, бұл жазба 2023 жылы жасалған. Ол оны “достар арасындағы әзіл” деп түсіндірді. Сол уақытта педагогтар бұл жағдайдан хабардар болып, балалармен түсіндіру жұмысын жүргізген. Екі түлек те лицейді 2025 жылы мамырда тәмамдаған. Қазіргі уақытта бірі Павлодарда, екіншісі – Алматыда оқиды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жібергені туралы жазған едік.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған