Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Килиан Мбаппе "Реалда" жаңа маусымда 10 нөмірімен алаңға шығады

Фото: Getty Images Sport

Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025/26 жылғы маусымнан бастап мадридтік "Реал" сапында жаңа нөмірмен өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Diario AS және басқа да беделді басылымдардың хабарлауынша, ол бұған дейін Лука Модрич киген аңызға айналған 10-нөмірлі жейдені енді өзіне алады.

Мбаппе "Реалдағы" дебюттік маусымында — 2024/25 жылы — 9 нөмірімен ойнаған еді. Бұл нөмір Карим Бензема кеткеннен кейін бос қалған еді. Алайда бұл шешім бастапқыда уақытша ретінде қарастырылған. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, нөмірді ауыстыру мәселесі екі тарап арасында келісілген және ресми түрде бекітілу сатысында.

2025 жылғы 23 шілдеде AS басылымы ресми ақпарат жариялады: Килиан Мбаппе жаңа маусымда 10 нөмірімен ойнайтынын растады. Айта кетейік, бұл нөмірді ол Франция құрамасында да киеді.

Фото: скрин / Х Мбаппе

Осылайша, 2025/26 жылғы маусымда "Реал Мадридтің" жаңа "ондығы" пайда болмақ.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 11:17
Талқылау