Киев тұрғындары Ресеймен соғысқа қарсылықтарын білдіріп, митингке шықты
Киевте бір топ жұрт Ресеймен арадағы келіспеушілік пен соғысқа қарсылықтарын білдіріп, Жоғары Рада қабырғасына жиналып, митингке шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Vesti Украйна” сайтына сілтеме жасап.


Жұртшылық Зеленскийге бағыттап кішігірім баннерлерге “біз соғысқа қарсымыз”, “мылжыңды доғарыңыз”, “Ресеймен соғыс болмасын” деген наразылық талаптарын жеткізді.

Олардың айтуынша қазір Украина халқы қорыққанынан дүкендерден азық-түлік қорын сатып алып жатыр. Қарт адамдар денсаулығы үшін алаңдайтынын айта отырып, елдің соғыс алдындағы үрей сезімінде жүргенін жеткізді.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады