"Қыдекең 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр": Қарақат Әбілдина Германияға кету себебін түсіндірді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлінің сырқаттанып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі былтыр Германияға барып, емделіп келген еді. Журналист Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, сыр шертті.
“Қыдыкеңнің денсаулығы сыр бергені жасырын емес. 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр. Былтыр Германияға барып, емделіп келді. Отбасымызға қатысты дүние болғандықтан, бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар. Жақсы дәрігерлерден ем алды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетті”, – деді әнші.
-
"Өз қолымызбен қақтадық": Гүлнұр Оразымбетова әріптесі Қарақат Әбілдинаға ерекше сыйлық тарту етті
-
"Louis Vuitton, Jimmy Choo, Prada": Қарақат Әбілдина туған күніне келген сыйлықтарын көрсетті
Одан кейін өзі де алтыншы баласын босанғаннан кейін қатты күйзеліске түскенін жасырмады.
“Пандемия кезінде анам дүниеден өтті. Екі айдан кейін қызымды дүниеге әкелдім. Бәрімізге үйде болдық. Сол кезде қатты күйзеліске түскенім бар. Ондай жағдай өмірімде бірінші рет болған. Содан менің күйімді көріп, Қыдыкең Түркияға алып кетті. Ішкі-мұң мен көз жасымды теңізге тастап келейінші деп бардым. Ол жақта біраз тұрдық. Ауыр мұңнан арылғандай күй кештім”, – деді мәдениет қайраткері.
Еске салайық, : Танымал журналист "Қыдырәлі аузына келгенін айтып боқтаған" деп көлік салығын төлемейтін әншілерді атаған еді.

Қазақстандық компаниялардың акцияларына АҚШ-тың баж салығына қатысты жаңа тарифі қалай әсер етті?
