Хаски иті кішкентай мысықты бауырына басып, емізіп өсірген
Калифорнияның Сан-Хосе қаласында тұратын иттердің қожайыны суықта қалған кішкентай мысықты үйіне әкеліп, иттерінің жанына қосқан.
Бұл туралы bigpicture хабарлайды.
Сібірдің хаски тұқымды иттері өз отбасыларына мысықты қабылдады.
Олардың ішіндегі Лило атты ит мысықты өз сүтімен тамақтандырып, аналық қамқорлық танытыпты.
Мысыққа Рози деген ат қойған.
Талқылау