Халықаралық полиция енді Әбілязовтың ізіне түспейтін болды
Халықаралық құқық қорғау органдары енді қазақстандық БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың ізіне түспейтін болды.
Фото: Alexander Turnbull
Бұл туралы AFP хабарлайды.
Еске салсақ, 7 маусым күні Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен сотталған Әбілязов, енді емін-еркін жүріп-тұра алады.
Ал халықаралық полиция болса, бұрынғы банкирді іздеу туралы “қызыл хабарлама” жүйесін алып тастаған.
Оны қазақстандық сот банк қаражатын жымқырып кетті деп айыптап, 20 жылға сырттай соттаған еді.
Оқи отырыңыз:
Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді
Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты
Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды
Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз
Талқылау