Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмды
Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, адамдар құрбан болған. Хаваровскіде апаттың болғаны туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінде расталды.
Бұл жөнінде ТАСС хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
«Қаладағы көшелердің біріне тікұшақ құлап, бірнеше адам қаза болды», – деп хабарлады ведомство.
«Біз Хабаровскідегі тікұшақтың құлауы туралы ақпарат алдық. Ал оқиға орнына арнайы топ кетті. Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты ешқандай мәліметтер жоқ», – деп хабарлады Хабаровск аймағындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.
Төтенше жағдайлар департаментінің алдын-ала ұсынылған мәліметі бойынша тікұшақ апатының салдарынан алты адам қаза тапқан.
«Тікұшақта алты адам болған. Олардың барлығы қаза тапты», – деп хабарлады дереккөз.
Оның айтуынша, тікұшақ жерге ұрылғанда өртеніп кеткен.
«Қазір өрт сөндіріліп жатыр. Апат болған аймақ қоршауға алынды», – деп хабарлады дереккөз.
Оқи отырыңыз:
Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды
Жаттығу залындағы жүгіретін жолақ кішкентай баланы сорып алды
Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады
Сүйікті кейіпкеріне ұқсағысы келген бойжеткен пластикалық отасыз-ақ “тірі қуыршаққа” айналды (фото)