"Кезінде GGG-ді де осылай дайындағанбыз": Головкиннің бұрынғы бапкері Садриддин Ахмедовтің болашағы туралы мәлімдеме жасады
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедовті кезекті жекпе-жегінде дайындап жатқан белгілі бапкер Абель Санчес спортшының болашағына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кезінде Геннадий Головкиннің бапкері болып, чемпиондық белбеулерге қол жеткізген Абель Санчес Садриддин Ахметовке қатысты пікір білдірді. Қазір білікті маман қазақ боксшысымен жұмыс ісдейді.
“Садриддин өте мықты және еңбекқор. Біз оны қазақ боксының жүйесі бойынша дайындап жатырмыз. Кезінде Геннадий Головкинді де осылай дайындағанбыз. Ол менің айтқанымды бұлжытпай орындап, бәрін тиянақты істейді. Тіпті кейде өзі де жаттығуларды ұсынып отырады. Алда керемет кеш болады деп отырмыз” – деді Санчес.
Айта кетейік, Ахметов өзінің келесі кездесуін 13 желтоқсан күні америкалық Рафаэль Игбовкеге қарсы өткізеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"

