Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кезегін еденде жатып күткен": Ресейлік "Аэрофлот" Мәскеуде қазақстандық оқушыларды ұшаққа мінгізбей қойған

Мәскеуде әуежайында Ресейлік “Аэрофлот” әуекомпаниясы қазақстандық оқушыларды бортқа мінгізбей қойған. Аталған жағдайға қатысты бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ресейлік әріптестерімен және лагерь директорымен хабарласқанын жеткізді. Сондай-ақ ол кері қайту билеті мәселесін шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Бұған дейін, "Аэрофлот" әуе компаниясы бір топ қазақстандық оқушыларды Шереметьевоға жалғайтын рейске жібермегені туралы ақпарат тараған еді. Жазғы лагерь аясында оқушылар Мәскеудегі трансфермен Алматыдан Санкт-Петербургке экскурсияға барған. Бірақ ұзаққа созылған шекаралық тексерулерге байланысты балалар мен олардың серіктері әуежайға ұшуға 20 минут қалғанда келген. Сондықтан әуе компаниясы оларды бортқа жіберуден бас тартқан. Топ құрамында 17 адам болған. Оның 8-і кәмелетке толмағандар. 

“Мәскеуде олар бізді паспорт бақылауында қандай да бір себептермен өте ұзақ уақыт тексерді. Тексеру өте мұқият жүргізілді. Алайда рейске отырғызу әлдеқашан басталып кеткен еді. Сосын қызметкерлерге келіп, тездету керегін айттым. Сосын олар әрқайсымыздың сөмкелерімізді қолмен тексерді. Салдарынан біз отырғызу аяқталып, ұшуға 20 минут қалғанда жеттік. Олар бізге: "Кешіріңіздер, кешіктіңіздер" деді. Дегенмен ұшақ әлі орнында еді. Біз қызық жағдайда қалдық. Бір жағынан бәрі заң аясында, кінәлі адам жоқ сияқты көрінеді. Екінші жағынан, балалар зардап шекті”, – деді "Романтик" лагерінің директоры Александр Шевченко. 

Экскурцияға қатысушы Екатерина Милованың сөзінше, әуежай қызметкерлері оларға әзірге өте алмайтынын, тексеріс  жүргізілетінін айтқан. 

“Кезекте 17 адам болды. Жайбарақат жүріп өттік. Бір уақытта алдымыз жабылып, бізге өтпеу керегін айтты. Тіпті отыратын орындықтар да жоқ. Ал біз жай ғана еденге жатып, кезегімізді күттік. Бірақ біз өткенде кезек мүлде болмады”, – дейді экскурция қатысушысы. 

Салдарынан мектеп оқушылары әуежайда алты сағат бойы, ата-аналары Санкт-Петербургке автобус тапқанша күткен. Ресейлік әуе компаниясы да олардың Қазақстанға қайту билетінен бас тартты. Өйткені ішкі ережелерге сай, бірінші рейске кешігіп қалсаңыз, бір тапсырыспен сатып алынған қайту билеттері автоматты түрде жойылады.

Талқылау