Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кездейсоқ өлтірілген": Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан жігіттің отбасынан кешірім сұрады

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда оқ тиіп, көз жұмған Нұрсұлтан Қуатбаевтың туыстары кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда қаза тапқан 18 жастағы Нұрсұлтан Қуатбаевтың есімі тәртіпсіздікке қатысқандардың қатарына еніп кеткен. Сот Нұрсұлтан мен тағы 4 жас жігітті айыптап үкім шығарған. Марқұмның туыстары сотта ұлдарының қылмысын дәлелдейтін ешқандай айғақ көрсетілмегенін айтады. 

2024 жылдың тамыз айында Нұрсұлтанның әкесі ұлының тәртіпсіздіктерге қатыспағанын дәлелдеп шықты. Сот марқұмды ақтау туралы үкім шығарды. Осыдан кейін отбасыға жоғарғы соттан кешірім хат келген. 



“Кешірім хатта ұлымның кездейсоқ өлтірілгені айтылған. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығындарды өндіріп алу үшін қаржы министрлігіне жүгіне алатыным айтылған”, – дейді Нұрсұлтанның әкесі Бақытжан Шыңғысбеков. 

Марқұмның әкесі өзіне ақша емес, ұлын өлтіргендер табылып, жазаланғаны кереке екенін айтады. Алайда бұл іс бойынша тергеу бір орнында тұрған көрінеді.

Нұрсұлтан 2022 жылдың 7 қаңтарында қонаққа барып, үйіне қайтып келе жатқан кезінде атып өлтірілген. Марқұмның әкесінің айтуынша, қансырап жерде жатқан Нұрсұлтанның өлгеніне көз жеткізу үшін жүрегіне оқ атылған. 

“Біз №1 Тараз қалалық ауруханасына бардық. Ол жерде Сәкен Жұмашұлы деген бас дәрігердің орынбасары болды. Ол менің ұлыма өзі ота жасағанын, ота кезінде Нұрсұлтанның денесінен үш оқ алып шыққанын айтты. Оқтарды тергеушілер алып кетткен. Ал бір айдан кейін тергеу басталғанда, Сәкен Жұмашұлы мүлде басқа түсініктеме берді. Ол ұлымның денесінен ешқандай оқ шықпағанын, ештеңе білмейтіні, ота жасамағынын айтты”, – дейді Бақытжан Шыңғысбеков. 

Еске салсақ, Тоқаев 2025 жылдың қаңтарында “Ана тілі” басылымына берген сұхбатында Қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерге пікір білдерген еді. 

Талқылау