Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кездесіп жүрген жігітімнің көзін құртты: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің махаббаты туралы айтты

Мақпал Жүнісова марқұм жолдасымен қалай шаңырақ құрғанын баяндады. Халық әртісі ел ағасының өзіне деген ерекше махаббаты мен құрметін айтты. Ерке қыз отбасын құрған соң Нұрқаділовтің арқасында сабырлы әйелге айналдым дейді. 

Бұл туралы Мақпал Жүнісова Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты. 

“Мен өте ерке өстім. Зәкең менімен танысқан соң, мені бақылап екі жылдай жүрді. Мені бақылауда ұстады. Тіпті кездесіп жүрген жігітімнің көзін құртты. Мені қатты жақсы көрді. Ол кісі шақырған жерлерде ән айтып жүрдім. “Саған ғашықпын, маған тұрмысқа шығасың” деп айтатын. Мен отбасылы азамат болған соң, 25 жас үлкен болған соң, тартыншақтадым. Алайда менің айтқаныма көнбеді”, – дейді әнші. 

Айтуынша, өзін Нұрқаділовтің адамдары үнемі бақылап жүрген. Ал отбасын құрған соң жаяу жүргізген жоқ деп мақтауын асырды. 

“Далаға шықсам, Зәкеңнің “Нивалары” тұрады. Ішінде орыс шопыр отырады. Мен оларға ұрсып жүрем. Кейін отбасын құрған соң мені жаяу жүргізген жоқ. Үнемі қызғанатын. Шопырмен жүргізіп қоятын. "Неге сонша қызғанасыз құрсын" дегенде, "Махаббат болғасын қызғанам. Махаббат болмаса, мен сені қызғанбас едім" дейтін. Не көлік жүргізіп үйретпеді. Әлі күнге дейін шопырмен жүремін. Шопырсыз жұмысым бітпейді. Зәкең “Жануля” деп атайтын. Ешқашан атымды атаған емес. Әйтеуір, Зәкенің маған деген махаббаты ерекше болды. Менің еркелігімді көтерді”, – деді Жүнісова. 

Ауылдың қызы қаланың өміріне ерте араласып, ел ағасының жары болуға тез үйренгенін айтады. 

“Зәкең 25 жыл көйлекті ерте тоздырған адам. Өмірді көрген. Мені танып-білген соң алған шығар. Әйтпесе тастап кетер еді ғой. Мені жақсы көрген соң, менің әйел бола алатынымды білген соң алған шығар. Әйел табылатын еді ғой. Өмірден өткен соң сабырлы әйелге айналдым. Бұрын Зәкеңе сеніп алған едім. Қазір өзімді-өзім сабырға шақырып, өзім би, өзім қожа болып отырмын”, – деді халық әртісі. 


Талқылау