"Кейде туристерді алдап жатады": Қазақстанда таксиге тапсырыс беру және қонақүй брондауға арналған QR-жүйесі енгізіледі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанда туристерге арналған QR-код жүйесі енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Мұндай QR-кодтар Астана, Ақтау, Түркістан мен Шымкент қалаларында енгізілген.
"Кейде туристерді такси, байланыс және ақша айырбастау секілді қызметтермен алдап жатады. Мұның алдын алу үшін QR-код жүйесі шығарылды. Мұнда электронды SIM-карта қызметі, қонақүй брондау, тіркелу туралы негізгі ақпараттар жиналған", – деді ол үкімет отырысында.
Министрдің сөзінше, әуежайлар мұндай QR-кодты орналастыру үшін қосымша қаржы талап етеді. Тәжірибе кең таралуы үшін әкімдіктер тарапынан қолдау қажет екен.
"QR-код барлық әуежай, вокзал мен шекара өткелдерінде орналасуы керек", – деп түйіндеді министр.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"