Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кей тұрғын өзіне қол салмақ болды": Айгүл Орынбек Өмірзақ Шөкеевтің өңірді дұрыс басқара алмай отырғанын айтты (видео)

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Қазақстан президентіне үндеу жасады. Ол Өмірзақ Шөкеевтің өңірді дұрыс басқара алмай отырғанын жеткізді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Құрметті Президент Қ. Тоқаев! Түркістан қаласының тұрғыны өзін өзі өртемекші, себебі үйлерін сүруге жіберген. Ал үйінің ақшасын бермеген. Бұл Түркістан қаласында болып жатыр. Ал енді Арыс қаласына тоқталайын, шағым жазып, көмек сұраушы халық көп. Себебі ол жақтада құрлыс жұмысы дұрыс жүріп жатқан жоқ. Облыс әкімі Шөкеев ұйымдастырушылық жағынан облысты басқара алмай отыр десем де болады. Себебі шағымданушы халық көп. Маған келіп түсіп жатқан шағымдардың барлығымен осында бөлісуге тура келеді. Себебі Арыс қаласы өзімнің шыққан жерім. Жерлестерімнің алдында жерге қарағым келмейді. Олар дәл қәзір маған үміт артып отыр. Себебі "Облысы әкімі Шөкеев берген уәдесінде тұрған жоқ"- деп жылап отыр. Құрметті Президент әкім осы жердегі сіздің өкіліңіз өз жұмысын игере алмай отыр. Дәл қәзір аудан аудандардан түсіп шатқан шағымдар өте көп. Сол шағымдарды интернет желісі арқылы шығарғым келеді. Бір емес бірнеше рет әкімнің қызметкерлеріне де ескерттім, алайда жүріп жатқан жұмыс көрмедім. Халық қайтадан өзіме шығуда!

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigul_orynbek_)

Заңгер Түркістан мен Арыс тұрғындарының ашулы күйде екенін айтады. Тіпті парақшасына өзіне қол салмақ болған тұрғындардың видеосын жүктеді.

Айтуынша, Түркістан тұрғыны үйін сүруге жібергені үшін өзін көп алдында өртемек болған. Жергілікті халық биліктің әділетсіз шешімін наразы. Ал, Арыс халқынан келіп түскен арыз-шағым көп. Олар да ертеңгі күні осындай әрекетке барады деп сендірді. 

Бұл тұрғында Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысын дұрыс басқарып отырған жоқ деген уәж айтты. Бұл өзінің емес, әр аудан, ауыл тұрғындарының арыз-шағымы, өкпе-назы екенін жазды. 

Талқылау