Кети Топурия: Қазақ әнін естігенде тұла бойым шымырлап кетті
Қазақстанда құрылған әйгілі “А-студио” тобы 30 жылдық мерей тойын Астанада атап өтпек. Әртістер елге белгілі хит әндерін орындап, топтың өмірден озған бұрынғы мүшелері – Батырхан Шүкенов пен Болат Сыздықовқа арнап блок-шоу жасамақ.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
“Ән кешінде «Еске алу» деп аталатын бөлім болады. Көрермендерге, әсіресе жас буынға ескі әндерімізді еске салсақ дейміз. Біз оларды “90-жылдардағы А-студио” деп атаймыз. Сахнада бақытты кезеңдерді бірге өткерген достарымызды – Батырханды, Болат пен Бағланды еске алсақ деген ниетіміз бар… Әрине, бұл жантебірентерлік сәт болады», – деді топтың негізін қалаған музыкант Байғали Серкебаев Астанада жанкүйерлермен кездесу барысында.
Топтың мерей тойына арналған “Сила музыки” атты концерт 15-20 тамыз аралығында Конгресс-Орталықта өтеді. Музыканттар күніне екі концерттер бермек: сағат 18.00-де және 21.00-де.
Байғали Серкебаев топтың ел білмейтін құпиясын ашып қойды. Айтуынша, топ алдағы уақытта қазақ тілінде альбом шығармақшы екен.
“Бір жолы Батырмен бірге қазақша ән жаздырғаным есімде. Қатты таңырқап қалдым. Екі сағаттың ішінде әжептеуір қиналып қалдық. Ешқашан студияда осынша көп уақыт өткізіп көрмеппін. Дайын жазбаны тыңдап болған соң ол маған: «Жаман емес, болады», – деді. Алайда бұл өте қиын», – дейді топ мүшесі Кети Топурия.
Кетидің айтуынша, музыка жергілікті аймаққа ғана арналмауы керек. музыка – әлем елдерін біріктіруі тиіс.
Ал концерттің қоюшы-режиссері Вячеслав Кулаев алда өтетін шоудан көрермендердің мол шабытқа кенелетінін айтып, уәде берді. Ол тіпті, әр көрерменнің шоудың қатысушысы бола алатынын алдын ала ескертті.
Музыканттардың айтуынша, қайырымдылық ісі аясында 2 мыңға жуық билет балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріліпті.
“Біздің музыкамызды өскелең ұрпақ білсе дейміз. Концертте бүлдіршіндерді көрсек, қуанамыз», – деп атап өтті Байғали Серкебаев.
“А-студио” тобының айтуынша, Астанада өтетін шоу топ тарихындағы ең ірі ән кеші болмақ. Оны ұйымдастыруға 300 адам жұмылдырылыпты.
«Мерей тойды Отанымызда атап өту – ол нағыз бақыт», – дейді музыканттар.
«Біз осында дүниеге келдік, қаншама естеліктер бар. Алматыда тұрдық, оның әр бұрышын жатқа білеміз. Оның барлығы мәңгілікке біздің жадымызда қалады», – дейді топтың негізін қалаушылардың бірі әрі бас-гитарашы Владимир Миклошич.
Ал Кети Топурия Қазақстанды үшінші Отаны санайтынын атап өтті.
Жіберіп алмаңыз:
Белгілі ақын Жаратқанға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады
Абай Бегей Тамара Асарды қарата алмай жүргенін мойындады (фото, видео)
Дәурен Айдарқұлов алғаш рет отбасылық суретін жариялады
Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)