"Кешьюға" барсаң жоғаласың": Мейрамбек Беспаев Баян Мақсатқызының жобасын сынады
Фото: Stan.kz
Әнші Мейрамбек Беспаев продюсер Баян Мақсатқызының жобасын сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас әншілерге тәлімгер болуға шақыратын сузыкалық шоуда Мейрамбек қатысушыны Баян мен Бағымды таңдамауға шақырады.
"Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе "Кешьюға" барасың. Саған қамқоршы болатын аға керек. Сені қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. "Кешюда" 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүру керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек", - деді ол.
-
"Құны – 500 мың теңге": Баян Мақсатқызы жолдасының туған күніне сыйлық берді
-
"Iphone 16 мен бренд сөмке таратты": Баян Алагөзова қыздарының тұсаукесер тойын жасады
Беспаевтың бұл сөзіне Бағым Мұхитденқызы ашуланып қалды.
"Кешьюдан кім жоғалды? Біз жеке проектермен де жұмыс істейміз және олар көп", – деп жауап берді музыкалық продюсер.

Дженнифер Лопестен Real Madrid-ке дейін: Әлемдік жұлдыздардың келуі Қазақстанға қандай пайда әкелді
