Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou-дің жаңа бейнебаяны “арзан жарнамаға толы” деген атқа қалды (видео)

Атышулы КешYou тобының су жаңа “Неге?” атты бейнебаяны жарыққа шықты.

кешю неге клип

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Топ продюсері Баян Есентаева қызметіне қайта оралғалы бері қыздардың шығармашылығына жете көңіл бөліп жүр. Оған небәрі 3-4 айдың ішінде жас әншілерден құралған топтың 2 бейнебаян шығаруы дәлел бола алады. Осылайша продюсер жаңа құрамды сынайтындарға қыздардың талантты екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.

Алайда продюсер мен топ қыздарының еңбегі еш кететін сияқты. Себебі осымен екінші бейнебаян тыңдарман сынына ұшырады.

Фанаттар су жаңа клиптің арзан жарнамаға толы екенін айтуда. Олар бейнебаянда сюжеттен гөрі кірпікке арналған тушь бояуының тым көп көрсетілгенін байқап, сынады.

Одан бөлек, көрермендер КешYou-дің жаңа туындысын ресейлік Саша Спилбергтің “Мисс Хиппи” бейнебаянының көшірмесі деп айыптады. Бір қызығы, ресейлік әншінің бейнебаянынан да КешYou-лік қыздар жарнамалаған тауарды көруге болады.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?

Айдана Меденова екінші рет ана атанды

Талқылау