KeshYou әншісі түсірілім кезінде көлікті қатты айдап, оның иесінің зәресін ұшырды
KeshYou тобы жуырда тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты. Екі күнге созылған түсірілім Алматы-Қапшағай тасжолында жүргізілген екен. Бұл жолы 4 бикеш сән подиумынан көрінбеді. Кадилак мініп, жігіт қауымының жүрегін жаралады.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
«Бейнебаянның шөп арасындағы бөлігін түсіру қиынға соқты. Себебі, таңертең су шөптің арасында жүрдік. Шыны керек, «Өлген жерім осы екен» деп ойладым. Оның үстіне сол түні қатты жаңбыр жауған еді», – дейді топ әншісі.
Қыздар түсірілім кезіндегі қызықты оқиғаларын бөлісті. Балжан ханым көлікті жылдам айдап, Кадилактың иесінің есін шығарған екен.
«Бейнебаянның арқасында 1968 жылғы көлікті айдап қалдым. Бір сәтте көлікте төртеуіміз ғана отырдық. Режиссерлер квадрокоптермен төбемізден түсіріп жатты. Бірақ, маған қанша жылдамдықпен жүру керектігін ескертпеді. 120 км/сағатына жылдамдықпен айдағанымда, «Әй, қыздар, не істеп жүрсіңдер?» деп шошып кетті. Көліктің иесі «Ойбай, көлігімді құртатын болдың» деп айқайға басты», – дейді Балжан ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Парвиз Назаров тойда ән салғаны үшін 5 мың АҚШ долларын сұрайды
Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті
Сивидің меценат әкесінің 60 жас тойында әйгілі Arash ән салды (фото, видео)
Танымал әнге бейнебаян түсірген “Заман” тобы көпшілікті тәнті етті (видео)