Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешірім сұрады: Ақтөбеде 2500 теңге үшін кафе әкімшісін өлтірген жігіттер сотталып жатыр

Ақтөбеде 2500 теңге үшін сыныптасын өлтіргендердің ісі қаралып жатыр.

aVg7jPU6oQuE

20 наурыз күні Марат Абдулин мен Артур Берекетов Жилянкадағы «Достар» кафесінде отырған. Абдулиннің 31 жастағы сыныптасы Әсет Оразбай әкімші болып жұмыс істеген. Әсер Оразбай сыныптастарына өз ақшасына сыра алып береді.

23 сағаттан соң екеуіне тағы сыра келеді. Кейіннен келушілер қалған 250 теңгені төлеуден бас тартып, даяшыға ұрысып шығып кетеді. Кафе әкімшісі Әсет оларды жібермей қояды. Сол кезде Марат оның басынан бір ұрады. Әсет олардың көлігіне жармасады. Көлікті айдаған Берекетов қатты жылдамдықпен жүреді. Көлік тасжолға шыққанда есігіне жармасқан Әсет құлап басынан жарақат алады. Ол сол жерде мерт болды.

J2wC6xHzsJM0

Сотта екі айыпталушы марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, кінәсін мойындады.

«Біз бастапқыда ол клөліктен қалып қалатын шығар деп ойладық. Құлағанын сыртынан көрдік. Біз мас болдық», – дейді Марат.

Абдулиннің айтуынша, олар 14500 теңгені төлеген. Бірақ 2500 теңгені төлемей кеткен.

«Сол күні түнімен ұйықтай алмадым. Түнгі сағат 12-де әйелі есікті қағып, Әсетті өлтіріп кеткенін айтты. Оны 500 метрге дейін сүйрепті. Денесі адам көргісіз деп жылады», – дейдң Марат.

Марқұм отбасындағы жалғыз бала еді. Оның артында әке-шешесі, әйелі мен 4 баласы қалды.

«Оны ит секілді өлтірген. Оны заң бойынша жазалауды сұраймын», – деді марқұмның анасы Гүлзипа Сапарова.

«Баламның анасы мен әйелі жылап тұрғанда бұларды кешіре алмаймын.  Балам даяшыларға сыныптастарын жақсылап күтіп жіберуді тапсырған. Сараптамада мәйіттің көліктен зардап шеккені жазылған. Денесі тұтас жарақаттанған. Немеремді сүндеттеген едік, ол «Әке, сен неге мені өзің көтеріп әкелмедің» деп жылайды. Олар бәрін түсінеді», – деп жылады марқұмның әкесі.

Тағы да оқыңыз:

Үстіне тері ісіктер қаптап кеткен ер адам көпшіліктен алыста жүріп өмір сүруге мәжбүр

Германиядағы шеруге Қазақстаннан барған гей жұп өздері жайлы айтып берді (фото)

Ғалымдар: Ерлердің әлсіреп бара жатқан ұрығы адамзаттың жойылуына әкеледі

Талқылау