Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеше ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасы тұрмысқа шығуға келісті (видео)

Кеше ғана мектеп бітірген Төреғалидің қарындасына жігіті үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлі кеше ғана мектеп бітіріп жақындарын қуантқан. Небәрі 18 жастағы аруға жігіті тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Жоғарғы оқу орнына түсіп үлгермеген Фариза қыз бозбаланың көңілін қалдырмай, келісімін бергенге ұқсайды. 

Бұл туралы Фариза Төреәлінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол жігітінің өзіне ұсыныс жасаған кездегі бейнежазбасын жүктеп, бақытты екенін жеткізді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Happy B’Day, my love ❤️

Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

"Мен "иә" дедім. Әрбір қыз бақытты болуға лайықты! Мен үшін естен кетпес күн мен сезімдер. Кеше қобалжығаннан денемді сезбей қалдым, дірілдеп. Бүгін ғана басылды. Нәзік жанды әр аруға ер азаматының еркесі болып, қамқорлығында шын бақытты сезінулеріне тілектеспін!" - деп жазды Фариза Төреәлі. 

Мұны көрген желідегі жұрт аруды шын жүректерінен құттықтап, отбасылық бақыт тілеп жарыса пікір жазған. 

Талқылау