Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керосин құйып, өртеп жіберген: Алматылық әйел 66 жастағы күйеуін қатігездікпен өлтірді деп айыпталды

Алматылық әйел 66 жастағы күйеуін қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған (оқиға орны)

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел күйеуін керосин құйып, кейін өртеп жіберген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қылмыс түнгі 11 шамасында көшеде орын алған. Алкогольді ішімдікке мас зейнеткер әйел күйеуінің үсіне керосин құйып, өртеп жіберген. Ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары нәтижесінде көз жұмды. Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар бөлек тұрған. Әйелі үйде, ал күйеуі қарсы беттегі сарайда тұрыпты. Соңғы кезде ер адамның денсаулығы сыр бере бастаған.

"Мен оның науқас екенін білетінмін. Әйелі ішімдікке әуес болды, оған жақсы қарамайтын. Мен олардың өміріне араласпайтынмын, себебі бұл отбасы проблемалы еді. Олардың қызы бар, бірақ соңғы кезде оны көрмедім”, – дейді көршілері Олеся.

Ер адамды өлсес бұрын көрген куәгер марқұмды үсті-басы су болғанын айтады. Алайда, одан бензин не керосиннің иісі шықпаған.

"Мен бұл кісілерді ұзақ уақыттан бері танимын. Мен осында көп жылдан бері тұрамын, алғаш көшіп келген кезден бастап оларды білемін. Үнемі жанжал шығатын. Әйел адам жиі ұрыс шығарып, полиция шақыратын. Бізді қуып жіберетін, боқтап кететін. Ол, шынымен де, жүйкесі сыр берген адам еді”, – дейді көршісі Сергей.

Қазір әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам әйелін 10 рет пышақтап, бес миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кетті деп айыпталғанын жаздық. 

Талқылау