Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Керосин құйылған канистрлер табылған”: Шымкентте үй өртеніп, сот төрағасының бұрынғы әйелі қаза тапты

Шымкентте жеке үйде өрт болып, 52 жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Kozachkov телеграм арнасында жарияланған ақпаратта қаза тапқан әйелдің Түркістан облысының тергеу соты төрағасының бұрынғы әйелі екені айтылған.

"Оқиға орнында керосин құйылған канистрлер табылған. Полиция істі “бөтеннің мүлкін қасақана жою" және “кісі өлтіру" баптары бойынша тергеп жатыр”, – делінген желідегі жазбада.

Өрт 17 желтоқсан күні сағат 05:47-де  Шымкент қаласы, Абай ауданы орналасқан тұрғын үйде болған. Өрттен уланған үш адам (2000ж.,2001ж.,2024ж.) ауруханаға жатқызылды. Өрт орнынан 1972 жылы туылған әйелдің мәйіті табылған.

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Аталған жайт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Іс бойынша тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – делінген хабарламада. 

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті.

Талқылау